Понедельник, 07.07.2025, 13:29
Приветствую Вас Гость | RSS

Дінмұхамед Қонаев атындағы №19 мектеп-гимназиясы

Негізгі мәзір
Сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 103
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Мектеп-гимназия тарихы

  №19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы №19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы іргелі мектептердің бірі. Ұлы Жібек жолының бойындағы Бауыржан Момышұлы ауылына орын тепкен мектеп 1985 жылы пайдалануға берілді. Білім ордасы алғашқыда коммунистік тәрбие беру ұранымен Н.К. Крупская атымен аталды. Мектептің алғашқы директоры болып К.А.Тоғысбаева тағайындалды. Ол  ұжымды 1985-1992 ж.ж дейін басқарды. Мектептің алғашқы құрылу жылдары туралы мектептің математика пәнінің жоғары санатты, білікті мұғалімі, СССР халық ағарту ісінің Құрмет грамтасының иегері - Злиха Асылқызы Перленбетова былай дейді: «Надежда Константиновна Крупская атындағы аралас орта мектебі 1985 жылы қыркүйек айында пайдалануға берілді. Дегенмен мектеп толық аяқталмаған еді. Сол себепті 1986 жылғы қаңтарға дейін қазақ сыныптары «Октябрьдің 40 жылдығы» мектеп интернатының ғимаратында, ал орыс сыныптары Орджоникидзе мектебінің ескі бөлмелерінде оқытылды. Мектеп шын мәнінде 1986 жылдың 15 – қаңтарында толық аяқталып, оқушылар сабақты өз мектептерінде оқуға мүмкіндік алды.» 1992 жылы мектеп директоры болып Ә.Е.Ергебеков тағайындалды. Мектепті 13 жыл басқарған мектеп директоры Ә.Е.Ергебеков – Қазақстан республикасы білім беру ісінің үздік қызметкері. 1999 жылы Қазақстан Республикасы онамастикалық комитетінің шешіміне байланысты мектепке халқымыздың біртуар ұлы Д.А.Қонаевтың есімі берілді. 2001 жылы мектепке Жуалы ауданың сол кездегі әкімі Ермек Үсенбаевтің шешімімен гимназия статусы берілді. 2001 мектеп түлегі Азамат Қожамқұлов Ирландияда да өткен әлем чемпианатында «Таэквондодан әлем чемпионы» атанса, 2003 жылы Элдар Абдрагимов Румыния қаласында бокстан өткен кадеттер арасындағы халықаралық жарыста өз салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанды. Сонымен қатар мектеп шәкірттері білім  бәсекесінде де биіктен көрінді. Аудандағы ең тұңғыш «Алтын белгі» төс белгісінің иегері Айша Аманбекова осы мектептің үздік түлегі. 2000-2004 жылдар арасында 54 дарынды шәкірт аудандық олимпиадада, 11 оқушы облыстық олимпиадада жүлделі орындарды иеленді. Тек 2002-2003 оқу жылында 4 оқушы Мешелова Арай қазақ тілі мен әдебиетінен аудандық олимпиадада  1 - орынды, облыстық олимпиадада Сания Үсенбаева орыс тілінен - III орынды, Аслан Наурызбаев Қазақстан тарихынан – III орынды, Меруерт Баубекова математикадан-III орынды иеленді.  2005жылы мектепке директор болып, білікті азамат, іскер ұйымдастырушы, заман талабына сай менеджерлік қабілеті жоғары, жас ұрпаққа тәрбие беру және оны ұйымдастыру ісіне мол тәжірибе жинақтаған А.Р.Оразов тағайындалды. Мектептің үлкен педагогикалық ұжымында 148 маман еңбек етуде. Мұғалімдердің 120- жоғары білімді, 25- арнаулы орта білімді және 3- тамамдалмаған жоғары білімді ұстаздар. Жас ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру бағытында шығармашылықпен іздеуде. Олардың арасында ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкерлері, математика пән мұғалімдері М.А.Айтбекова, А.Н.Ниязбекова, химия пәні мұғалімі А.Д.Дүйсенбаева, қазақ тілі пәні мұғалімі М.Р.Көкенова, бастауыш сынып мұғалімі Қ.Қ.Құрмашева бар. 2008-2009 оқу жылында 1443  оқушы дәріс алуда. Шәкірттерге бастауыш сатыда, Ж.А.Рысбекова,  Қ.М.Көшпенбетова, К.А.Ахметжанова, Н.Қ.Жартыбаева, Қ.М.Пралиева, Ж.Б.Қаңтарбаева, Р.Наурызқұлова,  Г.Т.Қадырқұлова, Т.Д.Дүйсебаева, Л.Ф.Грязева, Л.Р.Шерункова, Н.Б.Мельхер сынды ұстаздар дәріс береді. Мектеп ұжымы ҚР білім және ғылым министрлігі ұсынған базистік оқу жоспарының 1 түрін, математикалық, қазақ әдебиеті пәндерін тереңдетіп оқытады. 3 түрін басшылыққа ала отырып. 10 "а”, 9 "а” сыныптарында математика және қазақ әдебиеті пәндерін тереңдетіп оқытып, шәкірттердің қызығушылығына қарай тиянықты білім алуына жағдай жасауда. Осының нәтижесінде жыл артқан сайын мектеп оқушыларының білім деңгейінің сапасы арта түсуде. Мектеп ашылғаннан бері мектепті 81 үздік оқушы бітіріп, үлкен өмірге жолдама алды. Аудандағы ең тұңғыш "Алтын белгі” иегері А.Е. Аманбекова кейінгі буын Рашид Тажиев, Альмира Ибрагимова, Динара Асабаева, Жанерке Налекова,  – осы мектептің мақтанышы.   Ұлттық мектеп моделін қалыптастыру бағытында еңбек етіп жатқан ұстаздар ұжымы күнделікті  оқыту үрдісінде жаңа технологиялармен  қатар педагогика элементтерін де тиімді қолдануға ұмтылады. Өндірістік шеберханада ер балалар тракторшы-машинист, қыз-балалар  тігінші - моторист  мамандығына оқытылып, осыған сәйкес куәлік беріледі. Бірнеше жылдан бері ұлдар мен қыздарға ұлттық тәрбие беру мақсатымен құрылған «Сымбат» қыздар отауы және «Бозбала» ұлдар отауы тұрақты жұмыс істейді. Отау мүшелері жиі  бас қосып, ұлттық салт-дәстүр және мектеп өміріне байланысты түрлі мәселелерді қызу талқылайды. Мектептің жоғары сынып оқушыларымен «Сымбат» қыздар отауы мен «Бозбала» жігіттер отауы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен «Ақжүніс», «Қыз сыны», «Бұрымды қыз», «Жігіттің сұлтаны», «Мектеп аруы», «Батыр ана» сынды түрлі байқаулар мен кездесулер қызықты әрі мазмұнды өткізіледі. Ай сайын  мектепте «Гимназия тынысы» газеті шығарылып отырады. Онда оқушылар мен мұғалімдер шығармашылығына, мектеп өміріндегі түрлі жаңалықтарына орын беріледі. Батыр Бауыржан атамыздың 98 жылдық туған күніне орай өткізілген облыстық ғылыми-практикалық конференцияда 11сынып оқушылары Сәния Әбдіғаппарова, Гүлфайруз Рахметова қатысып, үздік баяндама, үздік өлең номинациялары бойынша дипломдармен марапатталып, авторлық сертификаттарға ие болып, шығармалары «Аты аңызға айналған-Б.Момышұлы»кітабында жарық көрді. Мектеп оқушылары Аида Айхожаева мен Назерке Ақылтайтегінің физика және қазақ тілінен ғылыми жобалары облыс көлемінде қорғалды.  Мектепте ұжым мүшелерінің шығармашылық ізденіспен еңбек етуіне жан-жақты жағдай жасалған. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары М.С.Әлімбеков, Р.Қасымбекова, Қ.М.Көшпенбетова гимназия сыныптарындағы оқу ісін сараптау жөніндегі орынбасары Р.Н.Темірбекова, ғылыми-әдістемелік іс жөніндегі орынбасары З. Сейтаева, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  М.И.Исаева, Д.Қырғызбаева, Р.Сайлаубаев мектеп психологы Р.С.Исмайлова, Г.Сейдалиева, кәсіподақ комитетінің төрайымы С.М.Сыдығалиева ұстаздардың оқу тәрбие жұмыстарын ұтымды жоспарлауға және жүргізуге, ұжым мүшелері арасында өзара түсіністік, ынтымақтастық, әл-ахуал қалыптастыруға ұдайы назар аударып отырады. 
Архив записей
Іздеу
Календарь
«  Июль 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2025
Бесплатный конструктор сайтовuCoz